Таэквондо шығыс жекпе-жегінің тәрбиелік және мәдени-қалыптастырушы потенциалы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_72Түйін сөздер:
тхэквондо, әлеуметтену, тәрбие, этика, мәдени құндылықтар.Аннотация
Бұл мақалада өскелең ұрпақты тәрбиелеудің баламалы әдістерін табу қажеттілігімен байланысты қазіргі қоғамның маңызды мәселесі қарастырылады. Қазіргі заманның тез өзгеруі және жаңа тенденциялардың жастардың санасына әсері жағдайында мәдени және адамгершілік құндылықтарды жоғалту қаупі бар. Мақалада тхэкквондо дене шынықтырумен қатар адамның әлеуметтік бейімделуі мен бағыт-бағдары үшін қажетті маңызды рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра алатын тәрбиелік аспектісін де қамтитыны атап көрсетілген. Мақалада таэквондоның негізінде жатқан этика және философиялық ілімдер арқылы осы құндылықтардың берілу ерекшеліктері көрсетілген. Мақалада респонденттерге жүргізілген сауалнама нәтижелерінің сипаттамасы берілген (Қазақстан таеквондошылары, n=48), осы орайда жас спортшылардың таэквондо мәдениеті мен моральдық принциптерін түсінудің жеткілікті жоғары деңгейін анықтауға мүмкіндік берді, сондай-ақ олардың әлеуметтену деңгейін анықтайтын қорытындылар жасалды.