Балалар мен жасөспірімдердің дене белсенділігін бақылау: бақылау-өлшеу құралдарын таңдау

Авторлары

  • Юлия Сергеевна Токатлыгиль Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Айгүл Жанаевна Салиева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Светлана Жұбатырқызы Отаралы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Наталья Анатольевна Моисеева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_63

Түйін сөздер:

дене белсенділігі, балалар мен жасөспірімдер, өлшеу құралдары, антропометрия, дене тәрбиесіндегі сынақтар.

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстан балалары мен жасөспірімдерінің дене дайындығын бақылауға бағытталған зерттеу нәтижелері талқыланады. Зерттеудің мақсаты – мектеп оқушыларының дене белсенділігінің, дене дамуының және денсаулығының деңгейін анықтауға арналған өлшеу құралдарын таңдау және тиімділігін бағалау болды. Зерттеу Қазақстанның бес облысы мен Алматы қаласында жүргізіліп, 4-11 сыныптардың 1668 оқушысын қамтыды. Деректерді жинау үшін антропометриялық өлшемдер, 4х10 м қайталап жүгіру, орыннан ұзындыққа секіру, алға иілу, жоғары және төмен орналасқан кермеге тартылу, 1 минут бойы денені көтеру, 30 секунд бойы денені жазу және 20 м Beep-test сынамалары өткізілді. Зерттеу нәтижелері ең ақпаратты және сенімді өлшеу әдістерін анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар,  жоғары диагностикалық мәні жоқ әдістер де анықталды. Мысалы, шет елдік сынамалар батареяларында жиі қолданылатын, статикалық тепе-теңдікті анықтауға арналған Flamingo Balance test («Фламинго» сынамасы) және иық-қол белдеуінің күш төзімділігінің деңгейін анықтауға арналған Bent Arm Hang (бүгілген қолға іліну) сынақтары одан әрі пайдаланудан алынып тасталды. Қарастырылған құралдарды Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тестілеуін өткізу қағидаларының тізіміне енгізуге ұсынуға болады.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-14

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Токатлыгиль, Ю. С., Салиева, А. Ж., Отаралы, С. Ж., & Моисеева, Н. А. (2024). Балалар мен жасөспірімдердің дене белсенділігін бақылау: бақылау-өлшеу құралдарын таңдау. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 76(2), 63–70. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_63

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають