Қазақстандағы саятшылық спортының дамуы және оның пайдалы құндылықтарын зерттеу

Авторлары

  • Мұрал Әділ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Елемес Алимханов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Сауле Касымбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Бейбит Устемиров Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_4_75

Түйін сөздер:

Саятшылық спорт, құсбегілік, аңшылық, салт-дәстүр, әлеуметтік құндылықтар

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстанның ежелгі мәдениетінің бірі қазіргі саятшылық (аңшы құстармен және аңшы иттермен аң аулау) спортының даму барысы тарихи кезеңдерге бөлініп көрсетіледі. Қазақстан Тәуелсіз ел болғаннан кейінгі осы саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау мен қорғауға бағытталған заңдар мен шешімдер келтіріліп, саятшылық жеке спорттық түр ретінде дамуы мен өткізілетін жарыстар түрлері бойынша деректері берілген. Мақалада саятшылық спортының ерекшелігі оның қоғамдағы құндылықтары жане табиғатты қорғаудағы пайдасы көрсетіледі. Көшпенді өмір салтына байланысты қазақ халқының аң аулау, жыртқыш құстарды қолдану түрлерінен мысалдар келтіріліп, саятшылықты сақтау және дамытудың жолдары және табиғатты қорғау мәселелеріне тоқталады. Сонымен қатар мақалада саятшылық спортының түрлері мен топталуы, саятшылық спорттың дене тәрбиесіне қажеттілігі және саятшылық спортының тәрбиелік, салт-дәстүрлік құндылықтарын анықтау іске асырылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-12-28

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ