Ұлттық қозғалмалы ойындарын қолдану арқылы оқушылар мен дене шынықтыру мұғалімдері білімдерінің қалыптасу деңгейін оңтайландыру
Ұлттық қозғалмалы ойындарын қолдану арқылы оқушылар мен дене шынықтыру мұғалімдері білімдерінің қалыптасу деңгейін оңтайландыру
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_2_64Түйін сөздер:
қазақ ұлттық ойындары, этникалық ұстанымдар, халықтың салты, дәстүр, мұғалімінің жекелік ерекшеліктері, дене тәрбиесі, сауықтыру мүмкіндігіАннотация
Бұл мақалада, негізгі бағыт ретінде қазақ ұлттық ойындарының этникалық ұстанымдармен,
халықтың салт-дәстүрлерімен тікелей байланысының ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен
қатар, мақалада қазақтың ұлттық ойындарының тарихы мен даму кезеңдерін, олардың халықтың
мәдениетімен, тұрмысымен және салт-дәстүрлерімен байланысын зерттеген шетелдік ғалымдардың
мәліметтері жайлы сөз қозғалған. Сондай ақ, мақалада қазақ ұлттық ойындарының негізінде, дене
тәрбиелеу жүйесін ұйымдастыру деңгейін анықтау әдістемелері ашылған. Осы мақсатта, жоғары
сынып оқушыларынан құрылған топтар, қазақ ұлттық ойындарына қызығушылығы қалыптасу деңгейіне
қарай бөлу жүргізілді. Оқушылардың, дене шынықтыруға ұстанымының жеке ерекшеліктерін
сараптау мақсатында жүргізілген сынақ-сауалнаманың нәтижелері берілген. Мақалада сонымен
қатар, оқушылардың жекелік сауықтыру мүмкіндігін арттыруға, дене тәрбиесі мұғалімінің жекелік
ерекшеліктерінің әсерін анықтау жөнінде өткізген зерттеулердің нәтижелері де көрсетілген.