Мектептегі «Дене тәрбиесі» оқулықтары мен жаңартылған оқу бағдарламаларын жетілдіру мүмкіндіктері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_14Түйін сөздер:
мектеп, оқулық, жаңартылған оқу бағдарламасы, дене тәрбиесі, терминдер, мұғалімАннотация
Мақалада мектептегі дене тәрбиесіне арналған жаңартылған оқу бағдарламасы мен оқулықтардағы кейбір кемшіліктерді анықтап, оны жетілдіру мүмкіндіктері жан-жақты талданды. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің пайдаланып жүрген оқулықтары мен оқу бағдарламасының сапасы мен мазмұнын анықтау мақсатында Түркістан мен Шымкент қалаларының 25 мектептеріндегі 180 дене тәрбиесі мұғаліміне сауалнама жүргізіліп, сауалнама нәтижелері мұқият талданып, оқу бағдарламасы мен оқулықтардың мазмұнындағы кемшіліктерді жетілдіру бағыттары қарастырылды. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспарындағы терминологиялық және текстологиялық тұрғыдан түзетуді қажет ететін тұстарына ұсыныстар берілді. ҚР БҒМ тапсырысымен 2000-2012 жылдары баспадан шыққан оқулықтардың мазмұнын жаңартылған оқу бағдарламасының тақырыптарына сәйкес жаңарту бағытында ұсыныстар әзірленіп, дәстүрлі оқу жүйесіне негізделген оқулықтардың мазмұнын талдау және салыстыру, оқулықтарда қамтылған материалдарды саралау жұмыстары жүргізілді. Біз ұсынған мәселелер бойынша жауапты мамандар тиісті жұмыстар атқарса, мектептегі дене тәрбиесі пәні бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтар жаңа талапқа сай жаңартылып, оқу үдерісінің сапалы өтуіне мүмкіндік туатын болады.