Туризм мамандарын даярлаудағы геймификация
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_6Түйін сөздер:
геймификация, туризм саласындағы білім, шет тілін үйрену, студент мотивациясы, кәсіби дағдылар, цифрлық оқыту технологияларыАннотация
Мақалада туризм саласында білім алатын студенттердің шет тілін үйрену үдерісінде геймификацияның рөлі қарастырылады. Ойын элементтерін пайдаланудың студенттердің мотивациясына және тілдік дағдыларын дамытуына әсері талданады. Эксперименттік зерттеу Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде 1–2 курс студенттерінің қатысуымен жүргізілді. Студенттер кездейсоқ таңдалып, бақылау және эксперименттік топтарға бөлінді. Эксперименттік топта геймификация қолданылса, бақылау тобы дәстүрлі әдістермен оқытылды. Деректерді жинау үшін студенттердің оқу үдерісіндегі қалауларына арналған сауалнама (Fleming, 1987), сондай-ақ алдын ала және қорытынды тесттер қолданылды. Бұл зерттеу студенттердің мотивациясы мен тілдік құзыреттілігінің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік берді. Барлық деректер SPSS статистикалық талдау бағдарламасы арқылы өңделді, қосымша бақылаулар мен сұхбаттар жүргізілді. Нәтиже геймификацияның студенттердің ынтасын айтарлықтай арттырып, олардың тілдік дағдыларын жақсартуға ықпал еткенін көрсетті.