Фитнес-тестілеудің халықаралық хаттамаларын Қазақстанның білім беру жүйесіне интеграциялау: педагогтардың пікірлерін талдау

Авторлары

  • Айбек Аликей Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Светлана Отаралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
  • Арман Ташметов ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы
  • Гулширин Ерданова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Демежан Сайдағали Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_1_6

Түйін сөздер:

fitness testing, health-related tests, physical fitness, children and adolescents, physical education.

Аннотация

Зерттеудің мақсаты – білім алушылардың дене дайындығын мониторингілеу бағдарламаларына фитнес-тестілеудің заманауи құралдарын енгізу әлеуеті туралы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтарының пікірлерін анықтау болып табылады. Өткізілген сауалнамаға орта білім беру ұйымының дене шынықтыру педагогтары қатысты (n=181), олардың орташа жасы 40,5±10,5 жыл, мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 16,2±8,7 жыл. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, педагогтердің көпшілігі фитнес-тестілеуді дене шынықтыру процесінің қажетті бөлігі ретінде қабылдамайды және оның құралдарын кәсіби қызмет барысында пайдаланбайды. Педагогтердің фитнес-тестілеуді енгізуге күмәнмен қарауының ықтимал себебі мониторингті институционалдық қамтамасыз етудің әлсіздігі және білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесі процесін реттейтін нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі болуы мүмкін. Білім алушылардың дене шынықтыру дайындығының параметрлерін бағалау үшін педагогтар кеңес одағында болған елдер аумағында тарихи қалыптасқан құралдар жиынтығын пайдаланады. Респонденттердің көпшілігі фитнес тестілеу саласындағы қазіргі заманғы трендтер туралы аз біледі және қазақстандық орта білім беру ұйымдарының дене тәрбиесі практикасына қазіргі заманғы бағалау құралдарын енгізу әлеуетіне сенімсіздікпен қарайды. Бұл факт осы бағытта қосымша зерттеулер жүргізу және фитнес-тестілеудегі заманауи трендтерді түсіндіру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру қажеттілігін көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-22

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають