Қазақстанның мәдени мұра ескерткіштері туризм объектілері ретінде

Авторлары

  • Айгуль Агелеуова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Елена Винокурова Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-1-66-73

Түйін сөздер:

мәдени туризм, археологиялық ескерткіштер, мәдени нысандар, мұражай-қорық, қорған

Аннотация

Бұл жұмыс қазіргі өзекті мәселелердің  бірі – Қазақстанның мәдени мұрасының көптеген ескерткіштерін туризм индустриясына тарту мәселесін қозғайды. Мәдени-танымдық туризм   адамдардың Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениеті туралы хабардарлығын арттырудың, түрлі ұлттар мен конфессиялардың өкілдері арасында диалог орнатудың құралы бола отырып, оны одан әрі дамытуда зор болашағы бар. Бұл жұмыстың мақсаты – Ақ Бауыр, Берел, Есік сияқты нысандар мысалында Қазақстанның мәдени мұрасының туризмді дамытудағы  маңызын көрсету. Авторлар Қазақстан Республикасындағы ішкі және кіру туризмін  дамытуда осы,  сондай-ақ оларға ұқсас ескерткіштерді пайдаланудың  болашағы үлкен  деген қорытындыға келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-27

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Агелеуова, А., & Винокурова, Е. (2023). Қазақстанның мәдени мұра ескерткіштері туризм объектілері ретінде. Туризм, демалыс және қонақжайлылық, 1(1), 66–73. https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-1-66-73

Шығару

Бөлім

Мәдени мұра және туризм: тұрақты өзара әрекеттесу мүмкіндіктері