Дене шынықтыру және спорт мұғалімдерін даярлауда биологиялық білімді кіріктіру және білім алушылардың сапалық көрсеткіштерін дамыту

Авторлары

  • Майра Жантасова Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті
  • Айнур Байкенжеева М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Жандос Есиркепов Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Айгуль Даменова М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті
  • Гульнар Адырбекова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_3_6

Түйін сөздер:

кіріктіріп оқыту, инновация, модель, дене шынықтыру, спорт, биология.

Аннотация

Мақалада Дене шынықтыру және спорт мұғалімдерін даярлауда биологиялық білімді кіріктіру мәселесі қарастырылған.  Зерттеудің мақсаты: «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасындағы спорттық пәндерді биологиялық пәндермен кіріктіріп оқыту модельдеріне талдау жасау, оның білім алушылардың сапалық көрсеткіштерінің дамуына әсерін бағалау. Зерттеуді міндеттері: Дене шынықтыру және спорт пәндеріне биологиялық пәндерді кіріктіру модельдеріне талдау жасау; білім алушылардың білімді игеру деңгейі бағалау; білім алушылардың инновацияға қабілеттілігі анықтау; білім алушылардың мәселені шешу қабіліттілігі мен топпен жұмыс жасау дағдысының қалыптасуын бағалау. Зерттеу әдістері: Дене шынықтыру және спорт пәндеріне биологиялық пәндерді кіріктіруде теориялық және әдістемелік  тест, жоба, кейс, жағдаяттық  тапсырмалары дайындалып, бақылау және сұхбат жүргізілді. Эксперименттік жұмысқа Қазақстанның төрт жоғары оқу орнының 92 білім алушысы қатысты, бақылау тобындағы білім алушылар саны 84. Зерттеу нәтижесі: Барлық жағдайда білім алушылардың бастапқы білімі, кіріктіру сабақтарынан кейінгі білімдері тест, жоба, жағдайяттық және тағы басқа тапсырмалар арқылы анықталық отырды. Нәтижесінде білім алушылардың білімі, инновациялық қабілеті, топпен жұмсы жасау дағдысы жоғарлағаны анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-25

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають

1 2 > >>