Туризм саласы мамандарын даярлаудағы оқу туризмінің рөлі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_64Түйін сөздер:
кадрлар даярлау, оқу туризмі, туристік саяхат, білім алу, тақырыптық экскурсиялар, академиялық мобильділікАннотация
Бүгінгі таңда туризм саласы кез келген дамудың даңғыл жолына бет бұратын мемлекеттің экономикасының негізгі секторларының бірін құрайды. Туризмнің түрлі типтері туристік ресурстардың болуы, орналасу және климат сияқты бірнеше маңызды факторларға байланысты әр елде түрліше дәрежеде дамиды. Ал білім беру, оқуды қамтамасыз ету жоғары деңгейде дамыған мемлекеттерде тиісінше туризмнің мейлінше жаңа әрі заманауи сұраныстағы түрі – оқу туризмі қарыштап дамып келеді. Аталмыш мақалада оқу туризмі ұғымы және оның анықтамасы, ерекшеліктері, туристер арасындағы танымалдылық деңгейі жан-жақты сипатталды. Әлем ғалымдарының туризмнің аталмыш түріне берген анықтамасы, пікірлері зерттелді. Оқу туризмінің заманауи туризм түрлерінің ішіндегі айрықша маңызын зерделеу мақсатында Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Туризм» мамандығы бойынша бакалавр деңгейінде білім алатын, шетелде бір семестрлік оқу мерзімі көлемінде білім алып келген бірінші және төртінші курс студенттерінен, сондай-ақ, «Менеджмент және туризм» кафедрасының біліктілік арттыру мақсатында шетелде ғылыми тағылымдамадан өткен оқытушыларынан сұхбат алынды. Сондай-ақ, аталмыш университеттің және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Туризм» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінен онлайн-сауалнама алынды. Сұхбат пен онлайн-сауалнаманың нәтижесінде оқу туризмінің білім алушылар мен оқытушылардың, жалпылай айтқанда туристер арасында кеңінен белең алып, дамып жатқандығы, оқу мақсатында өзге аймақтарға жүзеге асатын саяхаттардың теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекітудегі маңыздылығы дәлелденді, сонымен қатар оқу туризмінің неғұрлым заманауи әрі кең сұраныстағы туризм түрі ретіндегі ерекшеліктеріне сипаттама жасалды.