Спортшыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу саласындағы жоғары оқу орындарында жаттықтырушылардың кәсіби даярлығына әсер ететін ұйымдастырушылық-басқарушылық және педагогикалық жағдайлар
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_4_87Түйін сөздер:
жаттықтырушы, спортшылар, педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу, кәсіби қызметАннотация
Мақалада Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де спортшыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу саласында жаттықтырушыларды даярлау жүйесін дамытудың қазіргі жай-күйі мәселесіне қатысты зерттеу деректерін теориялық сараптама жүргізу негізіндегі шолу материалы ұсынылған. Спортшыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу контекстінде жаттықтырушылар жұмысының тиімділігін бағалау критерийлері мен жоғары оқу орындарында жаттықтырушылардың кәсіби даярлығына әсер ететін ұйымдастырушылық-басқарушылық және педагогикалық жағдайлар анықталды. «Спортшыларды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу» терминінің ғылыми анықтамасы нақтыланды. Жаттықтырушылардың спортшыларды толыққанды педагогикалық-психологиялық сүйемелдеуге кәсіби даярлығын арттыру мәселесін шешу үшін құзыреттердің даму деңгейін бағалау мен зерттелетін мәселе саласында кешенді әдістемелік білім алуға бағытталған жаттықтырушыларды даярлау бағдарламаларын (әдістемелерін) әзірлеу және енгізу мәселелеріне қатысты ұйымдастырушылық-басқарушылық идеялар ұсынылды.