Дене мәдениеті және спорт педагогтерінің инклюзивті тәжірибені іске асыруға кәсіби даярлық мәселелері

Авторлары

  • Лаура Аскаровна Бутабаева Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы
  • Акерке Нурланбековна Умирбекова Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_4_6

Түйін сөздер:

болашақ дене мәдениеті және спорт педагогтері, кәсіби даярлық, инклюзивті тәжірибе, инклюзивті құзыреттілік

Аннотация

Бұл мақала инклюзивті ортаға болашақ дене мәдениеті және спорт педагогтерінің инклюзивті тәжірибені ендіруге даярлық бағыттары мен әдістемелік ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Мақала барысында дене мәдениеті және спорт педагогтерінің инклюзивті тәжірибені іске асыруға кәсіби даярлық мәселелері ретінде, жалпы білім мектептерінің инклюзивті тәжірибені іске асыру үшін арнайы құралдармен жабдықталған спорт залдармен қамтылу деңгейін, еңбек етуші дене мәдениеті және спорт педагогтерінің квалификациялық деңгейін, дене мәдениеті және спорт педагогтерінің өз тәжірибесінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жасау кезіндегі қиындықтарының деңгейін, ерекше білім алу қажеттілігі бар балалармен қызмет етуде инклюзивті құзыреттілігін арттыру бойынша біліктілік арттыру курстарының деңгейін анықтауға бағытталған. Зерттеуге Астана қаласы бойынша 93 мектеп, 279  дене мәдениеті және спорт педагогтері қатысты. Дене мәдениеті және спорт педагогтерінің инклюзивті тәжірибені іске асыруға кәсіби даярлығы мен жалпы инклюзивті тәжірибені тиімді түрде іске асыру мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша қорытынды жасалып, арнайы ұсыныстар берілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-23

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Бутабаева , Л. А., & Умирбекова, А. Н. (2023). Дене мәдениеті және спорт педагогтерінің инклюзивті тәжірибені іске асыруға кәсіби даярлық мәселелері. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 74(4), 6–13. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_4_6

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають