Туризм студенттерін оқытудағы өзекті мәселелер: шет тілін оқудағы мазасыздық
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_3_17Түйін сөздер:
туризм студенттері, тіл үйрену, тілдік кедергілер, оқу, студенттердің мазасыздығыАннотация
Жаһандық туризм дамуында шет тілдерін меңгеру бұл серпінді салада мансап құруға ұмтылатын студенттер үшін негізгі дағды болып табылады. Халықаралық қарым-қатынаста болу, әртүрлі мәдениеттерді білу және кәсіби мүмкіндіктердің кең ауқымына қол жеткізу шет тілдерін үйренудің маңыздылығын көрсетеді.
Оқу тілдік оқытудың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, әсіресе туризм студенттері үшін. Бұл зерттеу тілді меңгеру үшін оқудың көп қырлы маңыздылығын және оның туризм саласында оқитын студенттердің академиялық және кәсіби дамуына әсерін қарастырады. Зерттеуде қарастырылатын негізгі аспектілерге сөздік қорын кеңейту, мәтінді түсіну дағдыларын дамыту, мәдени хабардарлық, сыни ойлау жатады. Оқу дағдысы студенттерді лексиканың кең спектрімен, соның ішінде салалық терминологиямен таныстырады, бұл олардың туризм саласында тиімді қарым-қатынас жасау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, оқу туристік құжаттарды, нұсқаулықтарды түсіндіру және клиенттермен қарым-қатынас жасау үшін қажетті түсіну дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Алайда, шет тілінде оқудағы мазасыздық студенттердің оқу нәтижелері мен сенімділігіне әсер ететін маңызды мәселе болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты-туризм студенттерінде оқуды үйренуге байланысты алаңдаушылықты зерттеу. Бұл алаңдаушылықтың себептерін түсіну студенттерді қажетті лингвистикалық құзыреттіліктермен қамтамасыз ету арқылы табысты мансапқа жақсы дайындауға көмектеседі. Бұл, туризм индустриясындағы бәсекеге қабілеттілік пен жұмыс күшінің арттыруына ықпал етеді.