Скандинавиялық серуендеу денсаулықты нығайту құралы ретінде: дәлелдерге аналитикалық шолу
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_93Түйін сөздер:
скандинавиялық серуендеу, денсаулықты нығайту, дене шынықтыру, бұқаралық спорт, аэробты дене белсенділігіАннотация
Мақалада Қазақстан Республикасының қазіргі даму кезеңінде халықты жаппай қамти отырып, ұлт денсаулығын нығайтуға бағытталған кешенді шараларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылатыны айтылады. Авторлар халықтың денсаулығын нығайту құралдарының бірі ретінде алғаш рет ресми мемлекеттік құжаттарда скандинавиялық серуендеу көрсетілгенін атап өтті. Сонымен қатар, халықтың денсаулығын нығайту үшін скандинавиялық жаяу жүруді қолданудың басымдығы тек қана айтылады, бірақ ғылыми тұрғыдан дәлелденген емес. Бұл жағдай скандинавиялық жүрудің адам денсаулығын нығайтуға әсерінің мәні мен ерекшелігін анықтау үшін ғылыми ақпараттың сенімді көздеріне теориялық зерттеу жүргізудің өзектілігін анықтайды. Мақалада сонымен қатар адам денсаулығына әсер етудің кейбір сипаттамалары, серуендеу, жүгіру және скандинавиялық серуендеу сияқты аэробты дене белсенділігінің түрлерін салыстырылған зерттеу нәтижелері келтірілген. Жұмыс аналитикалық шолу мақаласының сипатына ие, мұнда ғылыми ақпараттың сенімді көздерін талдау негізінде авторлар зерттеу тақырыбы бойынша дәлелді қорытынды жасайды.