Спорттық жетілдіру кезеңіндегі боксшылардың жаттығудан кейінгі қалпына келуіне арналған тыныс алу жаттығулары
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_2_131Түйін сөздер:
бокс, қалпына келу, тыныс алу жаттығулары, спорттық жетілдіру, физиологиялық бақылауАннотация
Мақалада спорттық жетілдіру кезеңінде боксшылардың жаттығудан кейінгі қалпына келу процесін оңтайландыруға бағытталған тыныс алу жаттығуларының тиімділігі қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты — ғылыми-педагогикалық және арнайы әдебиеттерді талдау арқылы боксшылардың жаттығу сипаттамасын анықтап, қалпына келу кезеңінде тыныс алу жаттығуларының рөлін сипаттау. Зерттеу Алматы қаласындағы Шаңырақ Олимпиадалық спорт мектебі негізінде жүргізіліп, 16–19 жас аралығындағы 20 спортшы (тәжірибелік және бақылау топтарына бөлінген) қамтылды. Зерттеу үдерісі кезінде спортшылардың функционалдық күйі мен физиологиялық көрсеткіштері «Шаршау синдромын анықтауға арналған сауалнама» арқылы бағаланды. Зерттеу нәтижелері боксшылардың жаттығудан кейінгі қалпына келу процесінде тыныс алу жаттығуларының маңыздылығын және қалпына келуін оңтайландыруға ықпал ететіні анықталды. Зерттеушілер тыныс алу жаттығуларын спорттық жүктеме жүйесіне енгізу қалпына келу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретініне назар аударады.