Командалық спорт болашақ дәрігерлердің коммуникативті құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде

Авторлары

  • Марина Бобырева Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
  • Багила Колдасбаева Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
  • Болатбек Бақытұлы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті
  • Саягул Бахтиярова М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
  • Нурсулу Байтлесова М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_2_58

Түйін сөздер:

медициналық ЖОО, коммуникативтік дағдылар, дене белсенділігі, топтық жұмыс, коммуникативтік құзыреттілік, командалық спорт түрлері

Аннотация

Мақалада командалық спорт түрлерінің медициналық жоғары оқу орындарының студенттерінің коммуникативті дағдыларын дамытуға әсері қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі болашақ дәрігерлердің коммуникативті құзыреттілігінің жоғары деңгейін қалыптастыру қажеттілігіне байланысты. Зерттеу командалық спортпен айналысатын студенттер мен спортпен айналыспайтын студенттердің қарым-қатынас дағдыларының деңгейін салыстыруға бағытталған. Ол үшін Л.Михельсонның коммуникативті дағдылар тесті және К.Палмердің "Адамдармен тіл табыса аласыз ба" тесті қолданылды. Л. Михельсон тестінің нәтижелері спорт секцияларына қатысушыларының коммуникативті дағдылары 31,92 % - жоғары, 48,93 % - орташа болып, солнымен қатар бақылау тобында тек 10,21 % - да жоғары, 57,14 % - да орташа деңгей белгіленген. Спортшы емес әйелдердің 32,65 % - төмен деңгейі анықталып, спортшы әйелдерге қарағанда үш есе көп болып шыққан. Қарым-қатынас түрлеріне байланысты спортшылар сауаттылығы эоғары (Р <0,05), ал спортшылар емес әйелдерде, қарым-қатынастың тәуелді түрі жиі кездеседі (Р <0,05).  К. Палмердің сынағы бойынша спортшы емес әйелдер де спортшыларға қарағанда төмен деңгейде болды (Р <0,001). Корреляциялық талдау қарым-қатынастың құзыретті түрі мен басқалармен өзара әрекеттесу деңгейі арасындағы байланысты көрсетті. Нәтижелер студенттерді коммуникативті құзыреттілікті дамыту үшін командалық спортқа тартудың маңыздылығын көрсетеді, бұл олардың кәсіби дайындығының маңызды сәттерінің бірі.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28