Жоғары оқу орындарында ұлттық спорт түрлерін дамыту арқылы студенттерді салауатты өмір салтына баулу жолдары (студенттік лига мен жазғы универсиада аясында)

Авторлары

  • Бағлан Ермаханов Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
  • Жандос Есиркепов Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Айдын Дошыбеков Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Талгат Данияров Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_25

Түйін сөздер:

ұлттық спорт, салауатты өмір салты, асық ату, бестас, студенттік лига, универсиада

Аннотация

Мақалада студент жастарды салауатты өмір салтына баулу мүмкіндіктері қазақ халқының мәдени дәстүрінің маңызды бөлігі болып табылатын ұлттық ойындарды дамыту арқылы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – «Асық ату» және «Бестас» ұлттық ойындары арқылы студенттердің салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негіздемесін жасап, олардың жоғары оқу орындарының оқу процесіне, Студенттік лига мен Жазғы Универсиадаға енгізудің тиімді жолдарын анықтау. 2025 жылы Түркістан қаласында Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінде өткен XIII Жазғы Универсиада аясында ұлттық ойындар бойынша жарыстар мен спорттық үйірмелер ұйымдастырылып, студенттерге сауалнама жүргізілді. Алынған нәтижелер ғылыми-теориялық тұрғыдан талданды. Зерттеу нәтижелері «Асық ату» мен «Бестас» ойындары студенттердің ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін, дәлдігін, қашықтықты нақты бағалау қабілетін және көру-қимыл координациясын дамытуға ықпал ететінін көрсетті. Жүргізілген талдау негізінде ұлттық ойындарды жоғары білім беру жүйесіне енгізудің педагогикалық мүмкіндіктері мен тиімді формалары айқындалды, бұл студенттерді салауатты өмір салтына баулудың практикалық мүмкіндіктерін ашады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають