Орта және егде жастағы халық үшін бұқаралық спортпен айналысуды ұйымдастыру тәжірибесі мен практикасы

Авторлары

  • Жасын Мұхамбет Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
  • Андрей Шунько Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
  • Ербол Мырзабосынов Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрілігі
  • Турсынзада Қуанғалиева Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы
  • Ханат Касенов Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_45

Түйін сөздер:

бұқаралық спорт, дене белсенділігі, халықтың денсаулығы, орта және егде жастағы адамдар, психологиялық-педагогикалық шарттар

Аннотация

Мақалада шетелдік тәжірибе негізінде орта және егде жастағы халықты бұқаралық спортқа тартуды ұйымдастырудың әдістемесі мен ерекшеліктеріне шолу жасалған. Халықты спортқа және дене белсенділігіне қатыстыруға бағытталған қолданыстағы бағдарламалар, сондай-ақ оларды іске асырудағы тиімді психологиялық-педагогикалық шарттар талданды. Әлемдік және қазақстандық тәжірибені салыстырмалы талдау нәтижесінде қатысушылардың жеке ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескеру, физикалық жүктемені қатаң мөлшерлеу және жас топтарына тән физиологиялық өзгерістерді назарға алу қажеттілігі айқындалды. Зерттеу барысында негізгі педагогикалық шарттар — тарту әдістері мен жаттығу процесін ұйымдастыру, сондай-ақ мотивация, әлеуметтік қолдау, психоэмоционалдық жағдайға ықпал ету сияқты психологиялық факторлар анықталды. Сонымен қатар, халықтың бұқаралық спортқа тұрақты қатысуын қамтамасыз ету үшін осы бағыттағы жұмысты үйлестіретін инструкторлар мен мамандарды қайта даярлау мен оқытудың маңызы атап өтілді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають