Ұлы Жібек жолының Қазақстандық бөлігіндегі ішкі туризмнің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту

Авторлары

  • Жанель Орымбасар Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Айман Есенова М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
  • Кулянда Нурашева Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Жумажан Байжумин Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-3-46-58

Түйін сөздер:

ішкі туризм, бәсекелестік артықшылықтар, Ұлы Жібек жолы, туристік маршрут, эконометрикалық модель, жалпы қосылған құн, туристік инфрақұрылым

Аннотация

Мақалада Ұлы Жібек жолының (ҰЖЖ) қазақстандық бөлігіндегі ішкі туризмнің бәсекелестік артықшылықтары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – ҰЖЖ-ның Солтүстік дәлізінде ішкі туризмді кеңейту мүмкіндіктерін анықтау, туристік маршруттың инфрақұрылымдық, логистикалық моделін әзірлеу және туризм саласының жалпы қосылған құнын (ЖҚҚ) бағалаудың эконометрикалық тәсілін ұсыну. Зерттеуде жүйелік және факторлық тәсілдер, салыстырмалы талдау және эконометрикалық модельдеу әдістері қолданылып, Қазақстанның 2015–2025 жылдардағы ресми статистикалық деректері мен халықаралық статистика пайдаланылды. Қорғас–Жаркент–Алматы–Тараз–Сайрам–Шымкент–Отырар–Сауран–Түркістан бағыты бойынша туристік маршрут әзірленіп, оның негізгі инфрақұрылымдық және логистикалық параметрлері анықталды. Сондай-ақ цифрлық шешімдер мен маршрут тиімділігінің көрсеткіштері ұсынылды. Туризм саласының ЖҚҚ мен туристік ағындар, шығындар, инвестициялар және орналастыру инфрақұрылымы арасындағы өзара байланысты бағалауға арналған көпфакторлы эконометрикалық модель әзірленді. Ұсынылған маршрут, тиімділік көрсеткіштері және эконометрикалық тәсіл ішкі туризмді дамытуға және ҰЖЖ-ның қазақстандық бөлігінің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған шараларды әзірлеу кезінде  пайдалануы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають