Тартымды бренді құру мақсатында Қазақстанның туризм-рекреациялық әлеуетін талдау

Авторлары

  • Еркежан Тайшинова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Кулянда Нурашева Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Айман Есенова Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-4-124-133

Түйін сөздер:

туристік-рекреациялық әлеует, туристік бренд, аумақтық брендинг, туристік дестинация, туризм маркетингі, туристік нарық

Аннотация

Әлемдік туристік нарықтағы бәсекелестіктің артуы жағдайында, орын брендингі елдер мен аймақтардың туристік тартымдылығын арттырудың негізгі құралына айналуда. Бұл зерттеудің мақсаты - тартымды туристік брендті әзірлеу тұрғысынан Қазақстан Республикасының туристік-рекреациялық әлеуетін талдау, сондай-ақ оны бағалау үшін сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесін әзірлеу. Зерттеудің әдіснамалық негізі талдау, синтез, индукция және дедукцияны қоса алғанда, ғылыми зерттеудің диалектикалық және логикалық әдістері болды, бұл елдің туристік әлеуетін кешенді зерттеуге және туристік маркетингне қолданыстағы тәсілдерді жинақтауға мүмкіндік берді. Мақалада Қазақстанның туристік бренді дәстүрлі тағамдар, мәдени кодтар, рәсімдік тәжірибелер, аңыздар және тарихи мұра сияқты ұлттық ерекшеліктерді ескеру арқылы қалыптасатыны дәлелденеді. Елдің туристік әлеуеті брендинг үшін мүмкіндігі басым бағыттар мен аумақтарды таңдау тұрғысынан талданды. Зерттеуде халықаралық және ішкі туризмнің артуы, сондай-ақ Қазақстанның географиялық орналасуының, табиғи әртүрлілігінің және бай тарихының мәдени, этнографиялық, экологиялық, сауықтыру, шытырман оқиғалы және спорттық туризмді дамытудағы маңыздылығы атап өтіледі. Зерттеу нәтижесінде  өңірлердің бәсекеге қабілетті туристік өнім қалыптастыруға  тұрақты туристік брендтерді дамытуға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесі ұсыылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-15

Шығару

Бөлім

Мәдени мұра және туризм: тұрақты өзара әрекеттесу мүмкіндіктері

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають