Болашақ дене мәдениеті және спорт мамандарын инклюзивті білім беру ортасына дайындау

Авторлары

  • Акерке Нурланбековна Умирбекова Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Лаура Аскаровна Бутабаева Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Элмира Уайдуллақызы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
  • Гулбану Теміриязқызы Сәдуакас Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_3_49

Түйін сөздер:

дене мәдениеті және спорт, болашақ маман даярлығы, оқытудың әмбебап дизайны, инклюзивті білім беру ортасы, инклюзивті құзыреттілік.

Аннотация

Бұл зерттеу кезінде болашақ дене мәдениеті және спорт мамандарының инклюзивті білім беру ортасына дайындығына аса назар бөлінген. Теориялық талдау негізінде инклюзивті білім беру ұстанымдары, артықшылықтары мен кемшіліктері, дене мәдениеті және спорт саласына қатысты ерекшеліктері көрсетілген. Инклюзивті білім беру ортасында оқытудың әмбебап дизайны технологиясының мүмкіндіктері көрсетілген. Дене мәдениеті және спорт саласына қатысты инклюзивті білім беру ортасында туындайтын кедергілер келтірілген. Инклюзивті білім беру жүйесіне жалпы мектеп педагогтерінің қатынасын, өз тәжірибесіне қатысты қолданыс деңгейін көру мақсатымен сауалнама негізінде зерттеу жүргізіліп, зерттеу нәтижелері пайыздық есеппен шығарылып, болашақ дене мәдениеті және спорт мамандарын дайындау кезінде қандай басымдықтарды ескеру керектігі айқындалды. Зерттеуге Алматы және Астана қаласының жалпы білім беру мектеп педагогтері қатысты, зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша ұсыныстар мен тұжырымдамалық қорытындылар берілді. Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ИРН AP19576707 «Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру» жобасы аясында қазақстандық ғалымдар жүргізді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-09-27

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Умирбекова, А. Н., Бутабаева , Л. А., Уайдуллақызы , Э., & Сәдуакас, Г. Т. (2023). Болашақ дене мәдениеті және спорт мамандарын инклюзивті білім беру ортасына дайындау. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 73(3), 49–56. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_3_49

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають