Болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі (дене мәдениеті және спорт мамандығы мысалында)

Авторлары

  • Акерке Нурланбековна Умирбекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Лаура Аскаровна Бутабаева Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы
  • Лаура Исмаилбековна Шалабаева Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_72

Түйін сөздер:

құрылымдық – мазмұндық модель, дене мәдениеті және спорт болашақ педагогы, инклюзивті құзыреттілік, болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру үдерісі.

Аннотация

Бұл зерттеу болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық – мазмұндық моделін ұсынуға арналған. Зерттеуге дене мәдениеті және спорт пен бастауыш білім беру педагогтері қатысты, аталған мамандықтардың дайындығындағы әдістемелік ерекшеліктер қарастырылды. Зерттеу кезінде болашақ педагог маман даярлығының психологиялық ерекшеліктері, педагогикалық және әдістемелік мүмкіндіктері талданды. Болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың моделінің құрылымдық компоненттері мен негізгі сипаттамалық көрсеткіштері, деңгейлері берілді. Зерттеуге екі мамандықтан жалпы 165 білімалушы қатысты. Сауалнамалық зерттеу кезінде негізгі инклюзивті білім беру жүйесіне қарым – қатынастың басты мәселелері талданды. Инклюзивті құзыреттілік ұғымына, инклюзивті білім беру ортасын құрудың тиімді шарттарына, негізгі әлемдік тәжірибеде ұтымды қолданылып жүрген модельдерге теориялық талдау жасалып, тиімді тетіктері ұсынылған моделде ұтымды пайдаланылды. Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды мен ұсыныстар берілді.  Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ИРН AP19576707 «Оқытудың әмбебап дизайны технологиясы (UDL) арқылы болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыру» жобасы аясында қазақстандық ғалымдар жүргізді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-25

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Умирбекова, А. Н., Бутабаева , Л. А., & Шалабаева , Л. И. (2024). Болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі (дене мәдениеті және спорт мамандығы мысалында). Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 75(1), 72–80. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_72

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають