Жалпы білім беретін мектепте волейбол ойыны әдіс-тәсілдерін оқыту әдістемесі

Авторлары

  • Аяулым Тұрарова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Галия Мадиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Сауле Касымбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Елемес Алимханов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_151

Түйін сөздер:

волейбол ойыны, дене қаблеттері, қозғалыс дағдылары, әдіс-тәсіл, мектеп бағдарламасы

Аннотация

Мақалада 13-14 жастағы мектеп оқушыларына волейбол ойыны бойынша әдіс-тәсілдік (техникалық) үйретудің тиімді жолдарын қарастыру әдістемелері ұсынылған. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей 13-14 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған волейбол ойынының әдіс тәсілдерін меңгеру сапасы оқушылардың дене қабілеттерінің деңгейінің мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екенін анықталған. Сондықтан волейболдың әдіс тәсілдерін үйрету алдында оқушылардың дене қабілеттерінің  мүмкіндік деңгейін сынақтан өткізу қажет екені ұсынылады. Оқушының дене дайындығына талдау жүргізу арқылы волейбол ойыны әдіс тәсілдерін меңгеру деңгейін оқу бағдарламасы талаптарымен сәйкестігін анықтауға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде оқу-педагогикалық үрдісті жетілдіру, тиімді оқыту әдістемесін ұсыну іске асырылған. Оқушының жеке қабілеттеріне қарай оқу бағдарламасын бейімдеу маңызды екендігі көрсетілген, сол арқылы ойыншылардың әдіс-тәсілдік деңгейін көтеріп, ойынның нәтижелілігін арттыруға болатындығы көрсетіледі. Тақырып аясында жүргізілетін зерттеулер мен тәжірибелер нәтижелері көрсеткендей волейболды ойынын үйрету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді және волейбол ойынын бұқаралық түрде дамытуға үлесін қосады деп болжанады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Тұрарова, А., Мадиева, Г., Касымбекова, С., & Алимханов, Е. (2025). Жалпы білім беретін мектепте волейбол ойыны әдіс-тәсілдерін оқыту әдістемесі. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 79(1), 151–159. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_151

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають