Дене мәдениеті және спорт саласындағы орыс және қазақ тіліндегі терминдерді мағынасына сәйкес қолдану ерекшеліктері

Авторлары

  • Еркин Уанбаев Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Жандос Есиркепов Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Айдын Дошыбеков Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Алия Белегова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Асем Бримкулова Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_15

Түйін сөздер:

спорт терминологиясы, дене мәдениеті, терминологиялық сәйкестік, дене тәрбиесі, қазақ-орысша аударма

Аннотация

Мақалада дене мәдениеті және спорт саласында қолданылып жүрген негізгі терминдер, оларды орыс және қазақ тілінде мағынасына сәйкес қолдану керектігі туралы жазылған. Авторлар дене мәдениеті және спорт саласында мамандарды даярлау, білім мен ғылымды дамыту үдерісі кездерінде мемлекеттік тілдегі негізгі терминдерді дұрыс, орыс және қазақ тілінде мағынасына сәйкес қолдану ерекшеліктері туралы құнды пікірлер білдіреді. Мақала барысында қазақ тіліндегі терминдердің мемлекеттік тілде мамандар дайындау барысында пайда болуы, алғашқы шығарылған оқу құралдары, оқулықтар, терминдер туралы жазылған мақалалар туралы баяндалады. Мектептің дене тәрбиесі сабағын сыныптар бойынша жүргізуге қажетті әдістемелік оқу құралдары, оларды шығарған авторлар, осы оқу құралдарының баспадан жарық көрген жылдары туралы мәліметтер беріледі. 2012 жылдан бастап терминдерді дұрыс қолдану туралы жасалған шаралар, және олардың сөздіктерде, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының баптарында қолданылғаны туралы сыни баға берілді. Қорытындылай келе, дене шынықтыру мен спорттың теориясы мен тәжірибесінде терминдерді қолдануды жетілдіру жолдары ұсынылды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають