Ұлттық спорт бойынша жаттықтырушыларды дайындаудың эксперименталдық технологиясы (қазақ күресі мысалында)
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_4_94Түйін сөздер:
эксперименттің технология, жаттықтырушыларды даярлау құрылымы, қазақ күресі, дене даярлығы, жұмысқабілеттілік, студенттердің кәсіби құзыреттіліктеріАннотация
Мақалада ұлттық спорт түрлерінен жаттықтырушыларды дайындау технологиясы әзірленіп, эксперименттік түрінде негізделген (қазақ күресінің мысалын қолдана отырып). Ол төрт - бағыттық, ресурстық, кеңестік, аналитикалық - элементті қамтиды. Бірінші бағыт – мамандарды даярлау жақтарын түзету. Екінші бағыт спорт мамандарын даярлаудың құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, үшінші бағыт осы спортпен айналысушылардың дене дайындығын және жұмыс қабілеті дәрежесін жақсарту болды. Төртінші бағыт – қазақ күресі бойынша жаттықтырушыларының кәсіби біліктілігін арттыру. 72 сағаттық «Қазақ күресі жаттықтырушыларын дайындау технологиясы» курсы әзірленген. Мамандарды дайындаудың құрамдас бөліктерін түзету құралдары келесі мәселелерді шешуден тұрады: жаттықтырушылардың теориялық, әдістемелік және тәжірибелік дайындығының жеткіліксіздігі. Спорт бойынша мамандарды даярлаудың құрылымы мен мазмұнын жетілдіруде мынаны ұсынамыз. 6В01401 – «Дене шынықтыру мұғалімі, қазақ күресі жаттықтырушы» білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнындағы қайшылықтарға сәйкес мазмұнына түзетулер енгізілді. Болашақ жаттықтырушылардың дене дайындылығы, жұмысқабілеті мен кәсіби құзыреттілік дәрежесін арттыру үшін біз арнайы тапсырмаларды ұсындық. Ең көп өсу негізгі күш шоғырланған кәсіптік құзыреттерде тіркелді. Эксперименттен кейін эксперименттік топта спортшылардың дене дайындығы және дене даярлық көрсеткіштерінің құрамдастарында бойынша оң өзгерістер болды.