Қазақстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы мектептеріндегі оқушылардың дене шынықтыру сабақтарындағы сынақ - тестілері көрсеткіштерін салыстырмалы зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2026_1_161Түйін сөздер:
дене дайындығы, сынақ–тестілер, дене шынықтыру сабақтары, салыстырмалы зерттеу, білім беру бағдарламасы.Аннотация
Мақалада Қазақстанның Алматы қаласының №124 орта мектебі мен Қытай Халық Республикасы Усу қаласының №1 орта мектептеріндегі дене шынықтыру сабақтарындағы сынақ-тестілері көрсеткіштерін салыстырмалы зерттеу іске асырылады. Екі елдің оқу бағдарламалары, оқыту үлгілері, сынақ түрлеріндегі айырмашылықтары көрсетіледі. Қытай Халық Республикасы Усу қаласы мектептеріндегі дене шынықтыру сабақтарындағы сынақ–тестілеріне қойылған талаптардың Қазақстан мектептеріндегі талаптарымен салыстырғанда көп және талаптары жоғары екендігі көрсетіліп, оған Қытай Халық Республикасы бойынша қабылданған "Жаңа жоғары білім беруге қабылдау емтиханы" (жаңа Gaokao-жаңа жоғар оқуға түсу емтиханы) бағдарламасы ықпалы арқылы іске асырылып жатқандығы және оны іске асырудың тиімділігі бар деген қорытынды көрсетіледі. Сонымен қатар салыстырылған қалалар мектептеріндегі жерде жатып денені көтеру және кермеге тартылу сияқты іштің және жоғарғы аяқ-қол бұлшықеттерінің күшін өлшейтін көрсеткіштерде оқушылардың нәтижелері сынақ – тестілері талаптарына жетпей жатуы да екі елге ортақ екендігін айқындайды және осы сынақтарды жетілдіруге кеңес беріледі. Жалпы алғанда Қазақстан мектептеріндегі дене шынықтыру сабақтарына арналған сынақ–тестілері ҚХР-мен салыстырғанда жеңілірек болғанымен аяқ бұлшықеттері күші сияқты көрсеткіштерде орташа нәтижелері төмен екендігі айқындалған. Екі елдің дене шынықтыру сабақтарындағы сынақ көрсеткіштеріндегі бұл айырмашылықтар әр елдің мектептеріндегі дене тәрбиесі жұмыстарына қойылған бағдарламалардың әртүрлі мақсат міндеттеріне байланысты екендігін көруге болады және ондағы қабылданған сынақ–тестілері үлгілеріндегі талаптардың да әртүрлі екендігін көрсетеді.